Бiз туралы
Қазіргі кезде оқу, тәрбие, ғылыми, экономикалық және шаруашылық қызметті көрсететін білім беру ұйымдарының көптеген түрлері бар. Осыған орай, әрбір білім беру ұйымы өз қызметін аймақтық экономиканың және әлеуметтік саланың құбылмалы жағдайына сәйкес құруы қажет.
2016 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңғырту көзделіп, «Жаңатас көпсалалы колледжінің стратегиялық дамуы» жоспарланды.