Мансап және кәсіптік бағдар беру жұмыс орталығы»Жаңатас көпсалалы колледж»МКҚК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықтың МИССИЯСЫ — өмір бойы білім алу принципі бойынша студенттің, түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру (Lifelong Learning), сонымен қатар колледжге түсушілер арасында кәсіптік бағдар беру іс-шаралары.
Орталықтық қызмет Мақсаты:
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек;
- Еңбек нарығында талап етілетін білім алішылардың жеке дағдыларын (Soft Skills) дамыту;
- Студенттің, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;
- Еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектің және маманның кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Орталықтың МІНДЕТТЕРІ:
- Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық туралы, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сондай-ақ мамандарды мақсатты даярлау саласында шарттар жасасу;
- Студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар Жәрмеңкелері, жұмыс беруші компанияларының презентациялары, қонақ дәрістер және т. б.);
- Кәсіпорын мамандарының кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру үшін курстар мен семинарлар ұсыну;
- Түлектердің мансабын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және орнату;
- Колледж түлектеріне өздерінің мансаптық жоспарларын іске асыруға көмек көрсету;
- Түлектердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін дамыту үшін, сондай-ақ олардың еңбек нарығына табысты бейімделуі үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
- Еңбек нарығында сұранысқа ие білім алушылардың (Soft Skills) жеке құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар және мастер-кластар ұйымдастыру және өткізу: компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазу және интервьюден өту бойынша кеңестер, қызметтің қандай да бір саласына психологиялық бағдарлау
- Ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу;
- Ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу;
- Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарықтың даму үрдістері, болжамдары және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат беру;
- Еңбек нарығының қажеттілігін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға жәрдемдесу;
- Мамандандыруды одан әрі таңдауға байланысты оқу траекториясын таңдауға көмек көрсету;
- Өндірістік тәжірибеден өту орнын таңдауға жәрдемдесу.
«Мансап » орталығының басшысы: К.Ибраймова