Жаңатас көпсалалы колледжінде «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Таза сессия» акциясы: «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кездесу өтті.
Ұйымдастырылған шараға:
• Сарысу адалдық алаңы кеңсесінің жетекшісі: Шерхан Бейсенбайұлы;
Жастар ресурстық орталығының аға инспектор теолог - Ниязова Жансая Сәбитқызы;
Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі аға психологы- Ділдабекова Мадина Мейрбекқызы
• Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ақнұр Дүйсенқызы;
• Жастар ісі жөніндегі инспектор: Назира Амирханқызы;
Сонымен қатар колледжішілік құрылған "Саналы ұрпақ" студенттік клубы, "Студенттік Парламент", "Ауыл жастары", "Алғырлар" дебат клубының мүшелері қатысты.
Шараның мақсаты: өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты әділдікке тәрбиелеу.


2025 жылы 2 маусым айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жаңатас көпсалалы колледжі» МКҚК - ның педагог қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау бойынша нұсқаулық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


"Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру" жобасы аясында, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі колледж студенттерімен "Академиялық адалдық және парасаттылық сағаты" тақырыбында дәріс сағатын өтті.

Дәріс сағатын жүргізген: Шарапат Батырбекқызы