Жаңатас көпсалалы колледжінде дін саласындағы ақпараттық ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс –шаралар жоспары аясында «Sanaly urpaq» студенттік клубының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» және «Алғырлар» дебат командаларының арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризм зардаптары» атты пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс резолюциясы бойынша:
1. «Діни экстремизм және терроризммен күресу жолдары жандануда ма ?»
2.«Дін және жастар» тақырыптары қарастырылып пікірлер ортаға салынды.
Дебат турниріне төрешілік еткен Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының Сарысу ауданы бойынша инспекторы Мырзағараев Мақсат Маратұлы, арнайы пән оқытушысы Қаспақов Қайрат Шархиябекұлы, арнайы пән оқытушысы Бексейтова Ақмарал Мырзабекқызы.
Мақсат Маратұлы «Дін» сөзінің мағынасын аша келе әлемдік проблемаға айналған діни экстремизм мен терроризмнің зардаптарына тоқталып, студенттермен дін туралы сұхбаттасты . Сондайақ пікірсайыс барысында жиі пайдаланылған терминдерге түсінік беріп өтті. «Экстремизм» — бұл қоғамдық нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты, дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың тұрақсыздығынан, экономикалық салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс екенін айтып , студенттерді ел бірлігі мен ынтымағына өз үлесін қоса білетін зайырлы қоғамның беделді азаматы болуға шақырды. Пікірсайыс соңында өз позициясын үздік қорғай білген фракцияларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова мақтау грамоталарын табыстады.