Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт — берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойларына дамыта отырып , ерте жүктіліктен сақтану, салауатты өмір салтын ұстану жолдарын түсіндіру мақсатында «Ерке қыз» қыздар клубының қыздары арасында 30.11.2020ж күні «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді » тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді. Кездесу карантиндік жағдайға байланысты екі форматта өткізілді, бірі онлайн ZOOM платформасы және клуб студенттерін сақтық шараларын сақтай отырып шақырту аясында өткізілді. Кездесуге «Жастар денсаулық орталығының » психологы Ж.Абдикеева, СӨСҚ кабинетінің мейіргері А. Машенова , колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова, медбике Н.Абдуллаева және колледж психологы А.Есболаева қатысты. Ж.Абдикеева қыздармен «Менің ойым» атты тақырыпта тренинг өткізіп, қыздардың ой — пікірлерімен сұрақ беру арқылы жауаптарын ала білді. Жиналыста қыздардың жас ерекшеліктеріне, таным- түйсіктеріне сай ақыл-кеңес беріліп , түсіндірме жұмыстары жүргізілді.