10.12.2020 ж күні Жаңатас көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі         Ж.Жұмабекова 01-20 тобының студенттерімен «Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағұлматтар берілді. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзіне айналды. Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

 

Студенттердің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру жолында түрлі мағұлматтар айтылып, студенттер өз ойларын ортаға салды.