Жаңатас көпсалалы колледжінде құрылған қамқоршылық кеңес мүшелерінің      2022-2023 оқу жылында І жарты жылда атқарылған жұмыстарының есебі

 

2022жылдың қыркүйек айында қамқоршылық кеңес мүшелерінің жеке кәсіпкерлерді тарта отырып, колледжіміздің 2 студентіне дәптер, сөмке, кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтамасыз етті. 

2022жылдың 29 қыркүйек күні «Жарыққа шық жас талант» байқауы өтті. Демеушілік жасаған қамқоршылық кеңес мүшелері. 

2022жылдың 20 қазан күні "КҮЗ ХАНЗАДАСЫ мен КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ" атты топаралық байқау ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға 1,2 курстың студенттері қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынасты. Шараға 10 топ, 15 студенттер  қамтылды. Қатысушы топтарға  қамқоршылық кеңес мүшелері бағалы сыйлықтар үйлестіріп, демеушілік жасады. 

 

2022жылдың 1-4 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жасасаң-қайырың өзің көрерсін» деген тақырыпта жалғыз басты ата-анаға 20 мың теңге көлемінде ақшалай көмек берілді. Студент баласына қысқы сырт киімін алып бердік. Демеушілік білдірген қамқоршылық кеңес мүшелері.

  

2022жылдың 17 қараша күні Жастар ресурстық орталығының директоры Асылжан Шуақбайұлының қатысуымен  «17 -қараша Студенттер күні» қарсаңында Жаңатас көпсалалы колледжінің бірқатар белсенді студенттері марапатталды. Шара барысында аудандық, колледжішілік  өткізілген мәдени, спорттық шараларға белсене қатысқан колледж студенттеріне  алғыс хаттар мен марапатталып, бағалы сыйлықтар үйлестірілді. Демеушілік көрсеткен Жастар ресурстық орталығы

  

2022жылдың 29 қараша күні «Қуаныш себеті» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Демеушілік көрсеткен колледж жанынан құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері. Акция барысында 20 студент, 1 отбасыға түрлі киім-кешектер алып берді.

  

2022жылдың 30 қараша күні «Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мәртебесін көтеру және оның қолданыс аясын кеңейту» бағытындағы іс- шараларға белсене қатысқандары үшін, Жаңатас көпсалалы колледжінің өзге ұлт өкілдерінен құрылған студенттері өз өнерлерін көрсетіп, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсеткендері үшін Сарысу аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен  марапатталды. 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсінбаевпен бекітілген «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының 6-тармағында тұрмысы төмен отбасыларға, көпбалалы және толық емес отбасыларына, жетім және мүгедек балаларға, жалғызілікті қарт адамдарға түрлі материалдық көмектер көрсету, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру көзделген. Осыған орай қамқоршылық кеңес мүшелерінің, колледж ұжымының қатысуымен қайырымдылық акция аясында 3 отбасыға азық-түлік себеттері үйлестірілді. 

28 желтоқсан күні кәсіподақ, қамқоршылық мүшелері колледж қызметкерлерінің балаларына Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Қызметкерлердің балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар үйлестірді.  

                       Қамқоршылық кеңес мүшесі                           С.К.Амалбекова