Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.

Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір курстан осы ТжКБ ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Ұсыныстарды Жаңатас қаласы, С.Муханов  көшесі, 1А үй мекен-жайға, Жаңатас көпсалалы колледжінің кеңсесіне 1 қабат, Қабылдау бөліміне, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел: 6-26-14, сот: 87759535769 байланыс нөмеріне немесе аталған білім мекемелерінің кеңсесіне ресми рәсімделген түрде қажетті құжаттарды тіркей отырып жолдау қажет.

Ұсыныстарды  қабылдау мерзімі 2023 жылдың 25 қыркүйек дейін.