2023 жылдың маусым айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы үшін білім беру ұйымдарында жұмысқа орналастыру тәртібі туралы түсіндіру акциясы өткізілді.
Акция барысында Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау конкурс тәртібімен айқындалатындығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, түсіндіру барысында: Білім беру ұйымдарында жұмысқа қабылдау тәртібі – ҚР білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына негізделе отырып жүргізілетінің және еңбек шартын жасасумен жұмыс берушінің актісімен жасалатындығы, сондай-ақ конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат жұмысқа қабылданатындығы және конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуының қажеттілігі, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 Бұйрығымен бекітілетіндігі және мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне штаттық бірлігіне орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулыға сәйкес топтардың санына және топқа байланысты да айқындалатындығы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты - өткізілген акцияның мақсаты педагогтерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және педагог лауазымына кандидаттарды сапалы іріктеуге бағытталған.
https://zhanatas-jkk.edu.kz/kz/sybajlas-zhem-orly-a-arsy-k-res/376-2023-zhyldy-mausym-ajynda-zhambyl-oblysy-kimdigini-bilim-bas-armasy.html#sigFreeId935882ae7c