Ақпарат
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін 2023 жылғы 22 қарашада Жамбыл облысы білім басқармасының "Жаңатас көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Жамбыл облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Г.Байзақованың қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс – шара барысында сот орындаушысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығына қатысты жыл сайынғы жолдауы бойынша түсіндірді, сондай-ақ Комплаенс қызметінің офицері Г.Д.Айнекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әркімнің міндеті болып табылатынын, сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямыздың негіздеріне нұқсан келтіретінін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін, одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде педагогтар мен колледждің техникалық қызметкерлеріне де қатысты екендігін атап өтті.