Ағымдағы жылдың қаңтар айының 21 күні Жаңатас көпсалалы колледжінде пән оқытушылары Ғ.Оспанова, Н.Раимова, М.Сауханованың ұйымдастыруымен «Тілдік интеграцияланған білім беру -CLIL көп тілді білім берудің тиімді әдісі » тақырыбында тренинг-семинар өткізілді.


Семинарда «CLIL» технологиясымен дәріс берудің әдіс-тәсілдері көрсетіліп, пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістерінің сабақта пайдаланудың тиімділігі айтылды.


Тренинг сабағында пән оқытушыларына » CLIL» технологиясында екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі түсіндірілді.Яғни оның бірі, екінші және үшінші тіл арқылы пәнді оқыту болса, екінші әдіс пән арқылы тілді оқыту. Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн-деген ұранменен оқытушылар белсенділік танытып, семинар-тренинг сабағын қызықты әрі тартысты өткізе білді.