Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі ерте жүктіліктің алдын алу бағытында колледжде І курс студенттерімен қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова, колледж психологы А.Есболаева, медбике Н.Абдуллаева «Ерте жүктілік немен қауіпті?», «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? , оның зардаптары қандай? деген бірнеше сұрақтарды қойып, студенттердің ой-пікірлерімен бөлісті. Пікірлесу аясында қыздарға жалпы , қазақта «Қызды қырық үйден тыю» деген тыйым сөздерді түсіндіре отырып, ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет ерте есейген қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы түсінік беріліп, «Қыздардың репродуктивті денсаулығы » тақырыбында сауалнамалар алынды.
https://zhanatas-jkk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/170-erte-zh-ktilikti-aldyn-alu-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tkizildi.html#sigFreeId30436d5273