Жаңатас көпсалалы колледжінде 29.01.2020 ж. күні колледж психологы Г.Тлепбергенова, колледж медбикесі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен «Снюсқа жол жоқ» тақырыбында 2 курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

 

Дөңгелек үстел аясында колледж медбикесі Н.Абдуллаева «Снюс » туралы баяндама оқыды. Баяндамада «Снюс» туралы мәлімет беріліп, синтетикалық текті психобелсенді заттардың жаңа нейротоксикалық бұзуларды тудыратын және сананың бұзылуына , дене және мінез-құлықтық тәуелділікке әкеп соқтыратын никотиннің жоғары құрамы бар шегуге арналмаған темекі және темекісіз деп аталатын «снюстер» қоспаларын тұтынуының зиянды екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Колледж психологы Г.Тлепбергенова студенттерден «СНЮСтан қорғану жолы қандай? » тақырыбында сауалнама алып, студенттердің пікірлерімен бөлісті.