Ағымдағы жылдың қантар айында Жаңатас көпсалалы колледжінде «WorldSkills» чемпионаты өтті.Чемпионат колледжішілік мамандықтар бойынша жұмысшы құзіреттілігін көтеру мақсатында «Вебдизаин», «Электромонтаждық құзіреттілік», «Кенді байыту», «Пісіру жұмыстары» мамандықтары бойынша студенттер арасында жарыс өткізілді.Жарысты ұйымдастырушы директордың оқу-өндірістік ісінің орынбасары Д.М.Саримбетова мен арнайы пән оқытушысы А.Бексейтова қатысушы студенттерге және сарапшылар мен жетекшілерге жарыстың бағыт-бағдарын айта кетті.