«Мінез - жанның айнасы», демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзінді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни адамның жақсы адам екендігін көрсететін ол әрине-мінез. Мінезді бір қалыпта ұстау – мәдениет. Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі» Осы жақсы қасиеттерді әрбір студенттің бойынан көре білуге, әсіресе қыз баланың бойындағы инабаттылық, мейірімділік, нәзіктікті ояту мақсатында Жаңатас көпсалалы колледжінде колледж психологы А.Есболаеваның ұйымдастыруымен қыздар арасында "Мінез-адам айнасы" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова, топ жетекші Г.Оразқұлова және 01-19 тобының студенттері қатысты. Тренинг өте қызықты , әрі тартысты өтті.