Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен аудандық кітапхананың қйымдастыруымен 31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы тарихқа тағзым» атты 05-21 тобының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:патриотты азамат,  болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты  ұрпақ тәрбиелеу.Оқырманды отан сүйгіштікке,саяси түрде ойын дұрыс жеткізуге үйрету.Іс-шара барысында кітапханашы І.Саспақова 31-мамыр бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін  күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн.Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан  қапыда мерт  болған  қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн екенін атап өтіп, соңында «Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,насихаттталды.