Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде Сарысу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты М.Дәулен , колледж психологы А.Есболаева, социолог А.Айдаралиева, колледж медбикесі Н.Абдуллаева, жастар ісі жөніндегі инспектор Н.Шалгинбаевалар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында топ студенттеріне:  

Мектеп түлектерінің 25 мамырда өтетін "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шарасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, кезекшіліктер, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралардың жүргізілетіндігі туралы колледж студенттерінің ойын-сауық орындарына (кафе, мейрамханалар, демалыс орындарына т.б ) бармауын, қымбат көліктер мен лимузиндермен саяхат жасамауы туралы ескертпе, түсіндірме , алдын алу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы , есірткінің жасөспірімдер ағзасына зияны  туралы ,түсіндіру жұмыстары мен қатар """Нашақорлықсыз өмір-жарқын болашақ" атты көрініс көрсетіліп, баяндамалар оқылды.  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан келген № 02-1607 хатына сәйкес, колледж студенттеріне ҚР білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі " бекітілген түрлерімен ( атыс қаруы, оның ішінде травматикалық газды, пневматикалық, электрлік және зақымдаушы, әсерлі радиоктивті , шанышқылы. өткір таяқшалар тәріздес заттарды  алып келуге тыйым салынғандығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және осы хаттар аясында ,  ескертпелер мен түсіндіру, алдын алу жұмыстары колледж студенттерінің ата-аналар онлайн чатына да таныстырылып, жолданды.