Жаңатас көпсалалы колледжінде құрылған қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттамасы №3

 

«17» қаңтар 2021ж

 

Жаңатас қаласы:

Қатысқандар:

Қамқоршылық кеңес құрамы: Жанбаев Даулеталды Дәуітбайұлы,  Қадырбекова Меруерт Нышанбекқызы, Тастанова Ләззат Сейітбековна, Амалбекова Камшат Сейдимбековна

Колледж директоры:

Директордың м.у.а -Коданов Дуйсенбай Ойыкбаевич, ДӨІЖО- Ибраймова Кулхан Токтасынова, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Койлыбекова Акнур Дуйсеновна

АПБ-нің ЮПТ аға инспекторы Дәуен Марат

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Бейсекеева Фатима Маратовна

 

Күн тәртібінде:

 

1.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің колледж әкімшілігі алдында атқаратын жұмыс барысы туралы есебі.(баяндамашы –директордың міндетін уақытша атқарушы Д.Коданов, ДӨІЖО-К.Ибраймова)

2.Колледж инспекторының «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» барысында атқарылған жұмыс есебі. .(баяндамашы: АПБ-нің ЮПТ аға инспекторы А.Кентаев)

3.Мәдени-көпшілік шаралар

4.Қайырымдылық акциялар, материалдық көмек, атқарылған жұмыс есебі (баяндамашы:ДТІЖО-А.Койлыбекова)

5.Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес төрағасы Даулеталды Дәуітбайұлы  күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Келесі күн тәртібіндегі мәселеге сөз берді.

Келесі сөз Д.Коданов колледждің оқу , материалдық базасын нығайту мен жетілдіру жолдарында атқарылып жатқан жұмыстары, колледжіміздің жетістіктері туралы есебі тыңдалды.

Тыңдалды: Келесі сөз К.Ибраймова алды. Колледждегі бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы, тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің іс-тәжірибесіне, әлеуметтік серіктестермен жұмыс барысына тоқталды.

Келесі сөз колледж инспекторының міндетін атқарушы М.Дәуеннің "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" барысында атқарылған іс-шараларының есебі тыңдалды. М.Дәуен баяндамасында колледждің білімгері кәмелеттік жасқа толған ҚР Президенті 2022 жылғы 5 қаңтардағы №735 Жарлығымен Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Төтенше жағдай туралы» Жамбыл облысында төтенше жағдайдың күшінде болу кезінде 23 сағат 00 минут 07 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдайдын күшінде болу кезінде көшеде жүргені үшін ҚР ӘҚБт-476-бабының 1-бөлігі бойынша Жамбыл облысы, Сарысу аудандық соты Н.Б.Тлеповты кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылған. Сонымен қатар жоғарыдағы көрсетілген коменданттық сағат кезінде колледж студенті кәмелеттік жасқа толмаған Левин Виктор ұсталып, ата-анасына шара қолдану қарастырылуда екендігін баяндады.

А.Койлыбекова өз баяндамасында колледжішілік өткізілген мәдени-көпшілік шараларға тоқталды.

Күн тәртібінде 4 мәселе бойынша А.Койлыбекова сөз алды. Қайырымдылық акциялар, материалдық көмек т.б. атқарылған жұмыс барысына тоқталды. Желтоқсан айында жеке кәсіпкер «Арзан» әмбебап дүкен иесі А.Байымбетовтың демеушілігімен колледждің қыздар әжетханасына жеке кабиналар қойылды.

Сонымен қатар колледжімізде көп балалы жалғыз басты ана Айгүл Қоблановаға азық - түлік себеттері, үй жиһаздары, жатын орындармен қамтамасыз етілді.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында колледжіміздегі бітіруші түлектер Баубек Руслан, Мұхамбет Құдайберген ұйымдастыруымен «Жүректен-жүрекке» атты мүмкндігі шектеулі студенттерге мерекелік шара өтті. Жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 10 студентке жаңа жылдық сыйлықтар берілгенін баяндады.

2021 жылдың қыркүйек айынан бері колледжімізде  «30 игі іс» жалпы ұлттық қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Акция барысында студент жастар қарт кісілердің үй-шаруасына түрлі көмектер берілгенін айтты. Өткізілген әр-бір шаралар әлеуметтік желілерге, БАҚ беттеріне жарияланып отырғанын айтты. 

Сонымен қатар қараша айында ҚР халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу мақсатында атқарылған шараларға тоқталды.

Бүгінгі таңда колледжімізде 387 студен 14-17 жас аралығындағы жасөспірім. Оның 40 студент (Пфайзер) вакцинасын алды, 10 студент денсаулығына байланысты анықтама әкелген. Бұл өте төмен көрсеткіш, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» Елімізге төніп тұрған бұл індеттің алдын алу үшін, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге «қамқоршылық кеңесмүшелерін, белсенді ата-аналарды  жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Күн тәртібіндегі әр түрлі мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері сөз алды. Қамқоршылық кеңес төрағасы сөз алды. Өз сөзінде Д.Жанбаев қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата-аналар комитетінің төрайымы Ф.Бейсекееваға колледжде білім алып жатқан 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналарына «PFIZER», ревакцинация туралы ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп жұмыс жасау керектігін айтты.

 

Қамқоршылық кеңес шешімі:

  1. Колледж әкімшілігі мүшелерінің қамқоршылық кеңес алдында атқарған жұмыс барысы қанағаттанарлық деп табылсын.
  2. Колледжішілік мәдени іс-шараларға қамқоршылық кеңес мүшелері түрлі демеушілер қарастыру міндеттелсін.
  3. Колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, қолдау көрсетуге демеушілер қарастыру, әлеуметтік серіктестерді жұмылдыру мәселесі жолға қойылсын.
  4. Колледж инспекторының «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» барысында атқарылған жұмыс есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
  5. Колледжде білім алып жатқан 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналарына «PFIZER», ревакцинация туралы ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын жүргізу қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата-аналар комитетінің төрайымы Ф.Бейсекееваға жүктеймін.

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:    _____________  Д.Жанбаев

Хатшы:   ____________    А.Койлыбекова