Жаңатас көпсалалы колледжінде құрылған қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2022-2023 оқу жылында ІІ жарты жылда атқарылған жұмыстарының есебі

 

14 ақпан 2023ж. Жаңатас көпсалалы колледжінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен  шығарылған күніне  34 жыл толу мерекесіне  орай, 1 курс студенттері арасында  «ҚАҺАРМАН - 2023» атты  әскери – патриоттық  ойын ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға Аудандық ауған соғыс ардагерлер кеңесінің  төрағасы Сыздықбаев Марат Тиышбайұлы бастаған ардагерлер, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Пазылбеков Асылжан Шуақбайұлы, мекеме маманы Балғабай Бауыржан Берікбекұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Дүйсенқызы, жастар ісі жөніндегі инспектор  Назира Амирханқызы қатысты Аталмыш шараға 6 команда  қатысып, 6 кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушы командаларға Қамқоршылық кеңес мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі демеушілік жасап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

1 наурыз 2023ж.  - 1 наурыз - "Алғыс айту күні" мерекесіне орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде ІІ курс студенттері арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Койлыбекова, жастар ісі жөніндегі инспекторы Н. Шалгинбаева, дене шынықтыру пәнінің оқытушылары қатысты.Ұйымдастырылған шараға "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі қатысты. Қамқоршылық кеңес мүшелері демеушілік жасап, қатысқан командаларға өз қолдауларын көрсетті.

2 наурыз 2023ж күні - 8 наурыз - "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының қолдауымен Жаңатас көпсалалы колледжінде волейболдан ұстаздар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары М.С. Бегеев қатысып, жарысқа түскен командаларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен жарыста 1 орынды - "Геология, тау кен өндірісі, автомобиль көлігіне қызмет көрсету және маркшейдерлік іс білім беру пәндері", 2 орын - "Жалпы білім беру пәндері" 3 орын - "Электромеханикалық, дәнекерлеу ісі, тамақтандыруды ұйымдастыру және ақпараттық білім беру пәндері" иеленді. Жеңімпаздарға қала әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Демеушілік көрсеткен қамқоршылық кеңес мүшелері.

3.03.2023ж күні - 8- наурыз – "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, 

«Ана – гүл, ана –жыр, ана – өмір шуағы» атты мерекелік концерттік бағдарламаға ұйымдастырды. Мерекелік бағдарламаға қамқоршылық кеңес мүшелері, аналар кеңесінің мүшелері, ата-аналар төрайымдары қатысты. Қамқоршылық кеңес мүшелері құттықтау сөздерін айтып, бірнеше ұлағатты ұстаздар қауымын марапаттады. 

20 наурыз 2023ж. 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік бағдарлама, "Бауырсақ Пати" атты байқау ұйымдастырылды. Шараға қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің төрайымы, мүшелері, ұжым, студенттер қатысты. 

7.04.2023ж күні  -7 сәуір -"Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде "Біз, салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты жастар акциясы аясында таңертеңгілік сергіту жаттығулары жасалынып, I курс студенттері арасында СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған  шараға Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ш.Пазылбеков, колледж директоры 

Н.Е. Туйтебаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.О. Коданов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Қойлыбекова, жастар ісі жөніндегі инспектор Н.А. Шалгинбаева колледж медбикесі Н.Абдуллаева, дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ғ. Мукашев, Н. Алашбаев қатысты.Қатысушы жастарға Жастар ресурстық орталығы және қамқоршылық кеңес мүшелері демеушілік жасап,  алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі  мен Жаңатас көпсалалы колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен І курс студенттері арасында  «Бейбітшілік – ел тірегі» тақырыбында  достық фестивалі өтті.

       Ұйымдастырылған шарада «Қазақ», «Өзбек», «Қырғыз» , «Түрік» ұлттары 

4 кезең бойынша, атап айтар болсақ: 1.кезең: Таныстыру. 2.кезең: Ұлттық өнер. 3.кезең: Сиқырлы қалам. 4.кезең: Ұлттық тағам  бойынша бақ сынасты.Қатысушы  топтарға  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Пазылбеков Асылжан Шуақбайұлы, Сарысу ауданы әкімдігінің  ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Жақсыпеилова Бауыржан Сейтжанқызы, Жаңатас көпсалалы колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қойлыбекова Ақнұр Дүйсенқызы, директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары –Қоданов Дүйсен Ойықбайұлы төрелік жасады. Шараны колледж директоры Туйтебаева Нұрландия Ералықызы, қамқоршылық кеңес мүшесі К.Амалбекова  ашып беріп, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.Әділ – қазы алқасының шешімі бойынша жүлделі І орынды 08-22 тобының студенттері жеңіп алды.Өнер көрсеткен барлық топтарға Жастар ресурстық орталығының алғыс хаттары мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар табыс етті.

  

       5 мамыр күні - Жаңатас көпсалалы колледжінде, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай, "Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы!" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараны колледж директоры Н.Е. Туйтебаева, қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Жамбаев  ашып беріп, барлық ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеп, бірнеше ер қызметкерлерді марапаттады.  Шара барысында колледжіміздің өнерлі жастары тамылжыта  ән салып, патриоттық әндерін тарту етті.

  

       5 мамыр күні - Жаңатас көпсалалы колледжінде,Ұлы Жеңістің  78 жылдығына орай, I курс студенттері арасында "Сапта жүріп, ән айту" атты әскери-патриоттық байқау ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға:

01-22 Обы, 02-22 тобы және 05-22, 03-22 тобы және 06-22, 04-22 тобы және 08-22, 09-22 топтары қатысып,«Сәлемдесу», «Сапта жүріп, ән айту» және «Үй тапсырмасы» бойынша бақ сынасты. Қатысушы топтарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар, бағалы заттар  табыс етілді.

Қамқоршылық кеңес мүшелері 2022-2023 оқу жылында Жаңатас көпсалалы колледж ішілік мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен студент жастарды іс-шараларға баулу мақсатында бағалы сыйлықтар үйлестіріп, ынталандырып, әлеуметтік жағдай төмен 7 ата-анаға азық-түлік, киім-кешек, ақшалай түрінде көмек берді. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа бейім білім алушылармен, ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізді. Аудандық полиция бөлімінің ЮПТ аға инспекторларымен, колледж әкімшілік мүшелерімен тығыз байланыста болды. Жаңатас көпсалалы колледжінің аймақтық еңбек нарығының жоғарғы білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, білікті маман кадрларын бірлесе даярлауға жұмыс берушілерді жұмылдыру мақсатында кездесулерге қатысты. Түлектерді жұмысқа қамту туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар ұстаздар арасында байқауларға қатысып, демеушіліктер берілді. 

Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасымен т.б. спорттық, техникалық үйірмелермен қамту жоспарландығын баяндап есептерін берді. 

 

                               Қамқоршылық кеңес мүшесі                           С.К.Амалбекова