2020-2021 оқу жылының II семестріндегі оқу үрдісіне сәйкес «Дуальды оқыту» жүйесімен оқытылатын топтарға жоспарланған оқу, «өндірістік» және «дипломалды» тәжірибелерін ҚР БжҒМ 2020 жылы 13 тамыздағы №345 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» жөніндегі әдістемелік ұсынымның 3 –тарауы, «Дуальды оқыту кезінде сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кәсіпорындардың және ТжКБ ұйымдарының базасында штаттық режимде өткізіледі» 48 –тармақшасына сәйкес және ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылы 25желтоқсанындағы №68 қаулысының 14-ші тарауына сәйкес 26.01.2021 жылдан бастап аралас форматқа көшірілді.

04-17,04-18 топтарының студенттері 3 жақты келісім шарт бойынша «Казфосфат» ЖШС мекемесінің базасына жіберілді. Колледж директорының өндірістік-ісі жөніндегі орынбасары Д.Саримбетова және тәжірибе жетекшілері М. Таңсыңбек,А.Бексеитова,Г.Оразкулова мекеменің персоналдарды басқару және кадрларды даярлау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Г.М.Рахметованың ұйымдастыруымен және «Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жөніндегі инженер Б.Ақділдә тарапынан студенттерді «Техника қауіпсіздігі» ережелерімен танысу сабақтары өткізілді. Студенттер мекеменің қатаң санитарлық режиміне сай қамтамасыз етілді.