Сарысу аудандық кітапхана абонемент бөлімі және Жаңатас көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі Ж.Жұмабекова, 01-20 тобының студенттерімен Қазақстанның халық әртісі, дирижёр, шебер домбырашы Р.Х.Ғабдиевтың 85 жылдығына орай "Тума талант иесі" атты тақырыптық кеш өтті. Ғабдиев Рысбай Хисметұлы маман ретінде өте жоғары дәрежедегі тұлға, халқымыздың аса дарынды, еңбегімен елеулі азамат. Небәрі 15 жасында Алматыда өткен жасөспірімдердің республикалық өнер байқауында Құрманғазының "Төремұрат" күйін орындап, бірінші орын алған. Р.Ғабдиев "Балалар оркестрімен жұмыс" , "Домбырадан сабақ беру тәсілі" т.б. кітаптардың авторы.
 
Рысбай Хисметұлының орындалуындағы күйлер радио мен теледидардың алтын қорында сақтаулы.
Мақсаты: Халқымыздың елеулі азаматтарының еңбегін оқырмандар арасында кең түрде насихаттау.