08.02.2021ж күні колледж психологы А.Есболаева топ студенттерімен карантиндік жағдайға байланысты сақтық шараларды сақтай отырып, оқу орнында қауіпсіз психологиялық кеңістікті қалыптастыру , балалар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, туындаған проблемалардың жай- күйі мен оған тап болғандарды психологиялық қолдау, бірін-бірі қудалауға, кемсітуге жол берілмеуіне психологиялық профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің құқықтық сауаттылығын артттыру мақсатында « Буллинг және кибербуллинг, оның алдын алу» тақырыбында тренинг өткізіп, адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан баптар мен бөлімдермен таныстырып өтті. Тренингке қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова әрбір азаматты буллингтің құрбаны болмауына шақырып,ақыл –кеңесімен бөлісті.
https://zhanatas-jkk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/229-6348552.html#sigFreeIdedf5898401