Қазіргі кезде ел болашағы - жастардың қолында , Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ екендігін түсіндіре отырып, жастардың арасында дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру мақсатында колледж психологы А.Есболаваның ұйымдастыруымен «Жамбыл облысы дін істері басқармасы» Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы , теолог М.М.Мырзағараев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Естемесова және 01-20, 03-20 тобының студенттерінің қатысуымен «Экстремизмге жол жоқ! » тақырыбында ашық пікірлесу отырысы өткізілді.

 

Студенттерге жастардың арасында діни экстремизмнің алдын алу, қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек теріс ағымдар , олармен күресу, сақтану жолдары туралы пікірлер айтылып, діни наным - сенім мен олардың пайдасы, мен зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.