Жаңатас көпсалалы колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Естемесова, жастар ісі жөніндегі инспектор Н.А. Шалгинбаева, АӘД пәнінің оқытушысы Н.Е. Алашбаевтардың ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 32 жыл толу мерекесіне орай, «Ауған алауы жадымызда» атты әскери-патриоттық топтар жарысы өтілді.
 
Шараға «Аудандық Ауған соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және төраға Сыздықбаев Марат Тиышбайұлы қатысты.
Әскери-патриоттық топтар жарысы 4 кезең бойынша өтілді.
1. Дене көтеру
2. Противогаз кию
3. Пневматикалық мылтықпен ату
4. Арқан тарту
Шараға І курс студенттері қатысты.
Жарысқа қатысқан студенттерге мадақтама қағаздарды табыс етілді.