Сарысу аудандық кітапхана абонемент бөлімімен бірлесе Жаңатас көпсалалы колледжің кітапхана менгерушісі Ж.Жұмабекова 1курс студенттерімен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты оқырман конференциясын өткізді. Конференцияда оқырмандарға арналған Болатбек Төлепберген «Қасиетім-Желтоқсан », «Желтоқсан көтерілісі » , Көлбай Адырбекұлы «Соңғы Репрессия», «Елдікті сақтаған ерлік», « Азаттық аңсағандар » оқулықтары таныстырылып, студенттер өздерінің «Тәуелсіздікке арналған» тақырыпта жыр шашуларымен бөлісті.
Мақсаты : Қазақстанның ең қастерлі құндылығы - Ел тәуелсіздігін қастерлеу, ұлықтау; Ұлы даланың ұлы мұраты –Тәуелсіздік , ол теңгесі жоқ ұлы ұғым, еркіндік екенін жас ұрпақтың бойына сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.