Жаңатас көпсалалы колледжінде штаттық режимде бекітілген кесте бойынша І курс студенттері сабақ оқуда. 18.02.2021ж күні 01-20 тобында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Н.Б.Раимова "The Preposition" ( Предлог. Демеулік) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттердің үш тілде ауызекі сөйлеуіне аса көңіл бөлінді. Жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, студенттердің сабаққа деген ынтасын арттырды.