19.01.2021ж Жаңатас көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Куттыбаева 02-18 тобының студенттерінің қатысуымен «Діни экстремизм қауіпті құбылыс» атты тақырыбында «ZООМ » платформасы арқылы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында Куттыбаева А. студенттерге экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беріліп, оның түрлері, себептері мен зардаптары туралы айтылды. Студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу керектігін түсіндірді. Қорытындылай келе, студенттерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындырды.