19.02.2021ж күні тәрбие жоспарына сәйкес, топ жетекші А.Оразалиева колледж психологы А.Есболаевамен бірлесе 02-20 тобының студенттерімен сақтық шараларын сақтай отырып, «Интернеттің пайдасы мен зияны » тақырыпта дебат өткізді. Пікір-талас аясында студенттер екі топқа бөлініп, ұран сөздерін дайындап интернеттің пайдасы мен зияны туралы ойларын еркін айта білді. Дебат тартысты , әрі қызықты өтті.