"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ!" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, интернет қудалаудың, жасөспірімдер арасындағы суицидтің, жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Шақыртылған қонақтар: Аудандық прокуратура прокуроры Д. С. Қожабеков, аудан мешітінің бас имамы Ғ. Қ. Қонақбаев, Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Б. Балғабай, Сарысу АПБ-нің ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Ж.П.Ерубаев, АПБ-нің ЮПИ аға инспекторлары А. Кентаев, М. Дәуен, колледж директоры Н. Е. Туйтебаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Койлыбекова, психолог А. Есболаева, ата-аналар қатысты. Ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты бейнероликтер көрсетіліп, жаднамалар, ескертулер айтылды.