Жаңатас көпсалалы колледж кітапханашысы Сандуғаш Абдирова және 04-21 топ жетекшісі Жансая Жұмабекованың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тербеткен-Мәңгілік Ел» атты 04-21 тобымен бірігіп, тарихи кеш өтті. Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқырмандарға патриоттық тәрбие беру. Еліне, отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Кешке жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Самат Тоқбанов, жастар ісі жөніндегі инспектор Балғабай Бауыржан,директордың тәрбие орынбасары А.Қойлыбекова қатысты.«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» бөлімінде 04-21 тобының студенті Дигарбекова Жанерке кіріспе сөз сөйлеп,тәуелсіздік тарихы жайлы қысқаша баяндады. «Біз, Тәуелсіз елдің болашағымыз» бөлімде студенттер өлең жолдарын оқыды:Атап айтсақ: 04-21 тобының студенттері Тәжітөре Айым ақын жерлесіміз Самат Тоқпановтың «Тәуелсіздік рухына тәуелдіміз!!!»,Дүйсенбек Мадина Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын»,Ерғалиқызы Нарқыз М.Райымбекұлының «Мәңгілік Ел-мәртебелі мұрат», Боранбаева Арайлым Б.Исаевтың «Қуан қазақ, күн туды қуанатын!»,Аман Арай Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік»атты өлеңдерін оқып берді.«Тәуелсіздік – ел тірегі» ән шашу бөлімінде Қыдырәлі Анель «Қазақ елі» әнін тамылжыта орындап берді. «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» кітап көрмесіне кітапханашы С.Абдирова библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Самат Тоқбанов тәуелсіздіктің тарихы жайлы ойымен бөлісіп, өзінің жүрекжарды арнауын оқыса, жастар ісі жөніндегі инспектор Балғабай Бауыржан бос уақыттарын кітап оқуға пайдалануға, қайырымды істер жасауға ал директордың тәрбие орынбасары А.Қойлыбекова өз елінің патриоты болуға шақырды.Кеш өте қызықты өтті.