Ағымдағы жылдың қазан айының 11 - 12. 10. 21ж күндері аралығында колледж психологы А.Есболаева және дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың , суицидтің алдын алу мақсатында студенттердің бос уақытын тиімді өткізу барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Мен өмірді сүйемін " атты айлық науқан іс-шара жоспарына сәйкес , І-ІІ курстар арасында «Мен және спорт» атты көңілді эстафеталық жарыс өтті. Жарыстың ашылу сәтінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекова сөз алып, барша қатысушы студенттерге жеңіс пен сәттілік тілеп, ақ тілегін білдірді. Жарыс қызықты , әрі тартысты өтті.

#Тәуелсіздікке30жыл # ЖКК