Колледж психологы А.Есболаева мен социолог А.Айдаралиеваның ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандардың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету , өмір сүру ортасында қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетіне баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Мен қандай студентпім» атты психологиялық тренинг сабағы өткізілді. Тренингте жасөспірімдердің өзіндік көзқарастары, өз-өзіне баға беру мүмкіншіліктері, өз мүмкіндіктерін аша білуге, жалпы алдына мақсат қоя білуге ықпал ету аясында психологиялық ақыл кенестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке тұлғаның өз-өзіне және өзгені сыйлауға түркі болатын мотивациялық «Мақсатқа жету жолы қандай?» тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, «Өзінді қалай қабылдайсын?» , «Мақсатқа жету, арман тілектерінің орындалу үшін не істеуіміз керек?» деген сұрақтарына жауап жазу арқылы өз ойларын ортаға салып, қағаз бетіне түсірді.
https://zhanatas-jkk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/302-ma-sat-a-zhetu-arman-tilekterini-oryndalu-shin-ne-isteuimiz-kerek.html#sigFreeId81767f33ef