16.02.2022ж күні колледждің  бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті жұмысының 2021 жылғы есеп беру жиналысы өтті.

Жиналысқа  "Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің филиалы "Біріккен комитеті" төрағасы Ж.Орынбеков, колледж директоры Н.Туйтебаева және  колледж қызметкерлері қатысты. 

Күн тәртібіне келесі сұрақтар қаралды:

  1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті жылдық есебі.
  2. Тексеру бақылау комиссиясының есебі.
  3. Тексеру бақылау комиссиясының мүшелік санын толықтыру.

Бірінші мәселе бойынша  БКҰ төрайымы А.Есболаева  кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеп берді. Бақылау тексеру комиссиясының мүшесі А.Құттыбаева  кәсіподақ қаражатының тексеру есебін берді. Ұжым қызметкерлері бастауыш кәсіподақ комитетінің жұмысы және тексеру бақылау комиссиясының жұмыстарының есептеріне қанағаттанарлық деген баға берді.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген Сарысу ауданына іссапармен келіп, Жаңатас көпсалалы колледж студент жастарымен кездесті.

23 ақпан күні Жастар ресурстық орталығы Жаңатас қаласы жастар ісі жөніңдегі инспекторы  А.Жұмадулланың ұйымдастыруымен, Сарысу аудандық кітапхана ұжымының қолдауымен “Ұшқыр ойлы жастар” атты дойбыдан қалалық ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 7 команда қатысып натижесінде:

 2 орын - Жаңатас Көпсалалы Колледжінің студенттері иеленді. Қала әкімі Д.Борсықов мырза қатысып, студентжастарға сәттілік тілеп, марапаттады.

Колледж студенттері бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында "Жасыл ел" бағдарламасы аясында жұмысқа қамтылды. Жасыл белдеу алқабына 200 түп тал көшеттерін отырғызды.

"Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес" тақырыбында студент жастармен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қойлыбекова адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту, оның алдын алу, құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, болдырмау сынды сөз қозғалып, студент жастарға бейнеролик көрсетіліп, сұрақ жауап алмасты. Расымен, осынау заманда адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де бар екені өте өкінішті және адам сенгісіз. Алайда біздің мақсат - оны жою. Сондықтан әр адам өзінен бастап, өз бойындағы адамгершілік, ізеттілік, ізгілік сында жақсы қасиеттерді дамыту керектігі айтылды.

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу мақсатында Жаңатас көпсалалы колледжінде, жастар ісі жөніндегі инспектор Н.А. Шалгинбаева студент жастармен "Есірткісіз болашақ" атты тренинг өтті. Тренинг барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Койлыбекова жастарға есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, студенттерді Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, спортпен шұғылдануға шақырды. Шара барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, ортаға салды.