Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі және И.В Панфилов атындағы #5 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткізілген ұлы жазушы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай * Көркем сөздің шебері* атты 10-сынып оқушылар арасында аймақтық буктрейлер байқауы өтті.

Байқауға Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы Медеуқызы Динара (жетекшісі: мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Бегман Махаббат) қатысты. Ғ.Мүсіреповтың «Көрінбей кеткен бір бейне» кітабы таңдап алынды. Буктрейлер байқауына белсене қатысқаны үшін алғыспен марапатталды.