«Тау кен саласы бойынша дуальды оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік
семинар
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастырумен Жаңатас көпсалалы колледжінде 31 мамыр 2022 жылы «Жас маман» жобасы аясында «Тау кен саласы бойынша дуальды оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтілді.
Семинардың мақсаты техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын, жұмысшы мамандар даярлаудың басымды бағыттарын дамыту барысында мамандарымыздың теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешу жолдарын үйрену.
Семинардың ашылуын колледждің директоры Н.Е.Туйтебаева «Жас маман» жобасы аясында алынған автотехникалар мен құрал-жабдықтармен таныстырып,өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары алынған тренажерлермен мастер клас өткізді.
Семинарға Жамбыл облысы аумағындағы тау кен саласы бойынша маман даярлайтын колледждерден арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері қатысып, «Тау кен саласы бойынша дуальды оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында еркін форматта ой-пікірлерін білдірді.
Колледж әдіскері А.Бексейтова
https://zhanatas-jkk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/341-tau-ken-salasy-bojynsha-dualdy-o-ytu-zh-jesinde-mamandar-dayarlau-teoriyasy-men-t-zhiribesi.html#sigFreeIdc0c03bb463